Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Нұрмағамедов чемпиондық белбеуін көрсетіп, өзін Путиннің құттықтағанын айтты
Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша ресейлік әлем чемпионы Хабиб Нұрмағамедов Ресей президенті Владимир Путиннің өзін ирландиялық Конор Макгрегорды жеңген жеңісімен құттықтап, қоңырау шалғанын айтты. Жеңімпаз бұл жайлы UFC 229 аралас жекпе-жегінің турнирі аяқталғаннан кейін өткізілген баспасөз мәслихатында айтып өтті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Барлық БАҚ-та Макгрегор Путинмен суретке түсті деп айтылады. Ал, президент бүгін маған жай ғана қоңырау шалды. Ол мені құттықтап, мені мақтан тұтатынын айтты. Мен сіздерге 6 қазанда бәрін өзгеретінімді айтқан болатынмын. Мен мұны істедім », – деді Нұрмағамедов.
Спорт әлемінде «Бүркіт» деген лақап атымен танылған Нұрмағаметов баспасөз мәслихатына чемпиондық белбеуімен келді. Жаппай төбелестен кейін марапаттау рәсімінде берілмеген чемпиондық белбеу Нұрмағамедовке октагон сыртында тапсырылған екен.
Сондай-ақ, жеңімпаз шайқастан кейінгі әрекеті үшін кешірім сұрап, бұл қылығын әкесінің құптамайтынын айтты.
«Әкемнің мені жасаған әрекетім үшін сығып алатынын білемін. Сіздерден тағы да кешірім сұраймын», – деді Нұрмағамедов.
Сонымен қатар, Нұрмағамедов қарсыластарына әрқашан құрметпен қарайтынын, бірақ дініне, әкесі мен еліне қатысты айтылған сөздерді кешіре алмайтынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Хабиб Нұрмағамедовтың чемпион атағынан айырылып қалуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.