Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр: Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертілмек
Алматыда Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр, Ер Төстік және Алтын Адам көшелері пайда болады.
Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертіледі.
Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, ономастика комиссиясы қорытындысының негізінде бірқатар көшенің атауын өзгерту туралы қаулы қабылдады. Мысалы, қалада Алтын адам, Әулиеата, Ер Төстік, Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр, Құртқа, Берел, Ақмоншақ, Нарын, Аягөз, Арыстанбаб секілді көшелер пайда болады.
Бұдан бөлек, кейбір көшелерге Кенесары хан, Смағұл Сәдуақасұлы, Жанша Досмұхамедов, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов секілді қайраткерлер мен біртуар тұлғалар, Қадыр Мырза Әлі, Ақселеу Сейдімбек, Герольд Бельгер, Шыңғыс Айтматов тәрізді ақын-жазушылардың есімдері беріледі.
Барлығы 100-ден көшенің атауы өзгертіледі.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр