Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Өнербаевтың ұлы халықаралық байқауда Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Алма ағашынан алысқа түспейді! Иә, әнші Нұрлан Өнербаевтың ұлы да әкесінің жолын қуған. Өнер иесінің атұстары республикалық, одан қалса халықаралық байқауларда бағын сынап жүр.

Нұрлан Өнербаевтың ұлы халықаралық байқауда Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Жуырда Марғұлан Нұрланұлы Дубайда халықаралық байқауға қатысып, жеңімпаз атанған.

Бұл туралы Өнербаев Facebook-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Көктемнің алғашқы күнінде Астананың төрінде өткен “Жүректегі көктем” атты концертімде өнер көсеткен ұлым Марғұланым, сіздердің алдарыңыздан өтіп Халықаралық байқауға аттанып барады деп едім. Енді міне бірінші Алланың қолдауы болар, екінші сіздердің баталарыңыз болар, ұлым Марғұлан сол Дубайда өткен халықаралық конкурста бас жүлде Гран-приді жеңіп алды. Кеудемді толтырған қуанышымда шек жоқ”, – деп қуанышымен бөлісті ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау