Нұрлан Ноғаев: Әкімдік сыйлық тарататын Аяз Ата емес

Дүйсенбі, 1 Тамыз , 2016 17:10

Атырау облысының әкімі жұмыс орындарын құру үшін бөлінген 800 млн теңге бюджет қаржысы лайықты жұмсалмады деп күдік танытты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

3a32860e36fbabd6c7524f731273e255

Фото: ortcom.kz

Атырау облысы әкімдігінде 1 тамыз күнгі өткен отырыста кәсіпкерлік басқармасы мен ауылшаруашылығы басқармасы басшылары аймақ басшысының мемлекеттік қолдау аясында шаруа қожалықтарында қанша жұмыс орыны ашылды деген төтеден қойған сауалына жауап бере алмады.

“Сіздер кез-келген жұмыс орынының қандай бағдарламамен ашылғанын білулеріңіз керек. “Бұл сұрақ маған емес, басқаға қойылу керек” деп әрқайсыңыз шекара жасап алғансыздар. Әр басқарма өзінше өмір сүріп жатыр. Ақшаның қайда жұмсалып жатқанын кәсіпкерлік басқармасы білмейді, ал жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қанша жұмыс орны ашылғанынан бейхабар. Ауылшаруашылық басқармасы да солай. Басты мақсатымыз – тек ақша бөлу болды ма? Ақшаны бөлгеннен кейін басқармалар арасында үйлестіру болу керек, бақылау керек. Біз сыйлық тарататын Аяз Ата емеспіз”, – деді әкім қарамағандағыларға.

Ол қызметкерлер тиімсіз жұмыс атқарып жатыр деп есептейтінін де айтты. Әкім басқарма басшыларына өз жұмыстарына тиянақты қарауды, лайықты қызмет етуді тапсырды.

Соңғы төрт жылда Атырау облысында ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының қатысуымен жергілікті бюджеттен жеті пайыздық мөлшерлемемен 807 миллион теңге несие берілген. Жалпы 163 жоба мақұлданыпты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар