Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан мен Мұрат дуэті қайта құрылды (видео)

Нұрлан мен Мұрат тобы қайта оралды. Иә, кезінде “Лейла”, “Жауап алды махаббат”, “Жұлдызым” сынды әндерімен халықтың жүрегінен орын алған дуэт қайта бірікті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Нұрлан мен Мұрат

Дуэт ұзақ уақыттық үзілістен кейін халыққа су жаңа бейнебаянын ұсынды. “Айна” деп аталатын туынды күні кеше “Той думан” арнасының желідегі арнасында жарияланды.

Желі қолданушылары дуэттің қайта қосылғанына қуанышты екендерін, алдағы уақытта жаңа дүниелер күтетінін жазған.

“Қандай керемет, әдемі дуэт қой. Ностальгия болды ғой. Мұрат пен Нұрланның әндерін кішкентай кезімізден тыңдап өстік. Сіздерден тағы жаңа дүниелер күтеміз”, – деп қуанышымен бөлісті Тоғжан Айтбаева есімді тыңдарман.

“Шашы ұзын қыз”. Не дегенмен уақыт өз өрнегін салған, кәртейген ғой”, – деп жазды Әппақ Еркем есімді желі қолданушысы.

Айта кетейік, дуэт екіге кеткеннен кейін Мұрат Қожа біраз уақыт “Каспий” тобында өнер көрсеткен болатын. Көп ұзамай Ұлықпан Жолдасов құрған бұл топ та ыдырап кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау