Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Еспанов көлігінің ұрланған айнасын базардан тауып, сатып алған

Шілде айында автокөліктің айнасына бола қарақшылардың қолынан қаза тапқан Денис Теннің оқиғасы Қазақстан халқын дүр сілкіндірді. Осы уақытқа дейін талай мәрте ұрылардың құрбаны болса да, бұл туралы жақ ашпай келген отандық жұлдыздар құпияның шетін аша бастады. Мәселен, Нұрлан Еспанов көлігінің ұрланған айнасын базардан тауып, қайта сатып алған.

Нұрлан Еспанов көлігінің ұрланған айнасын базардан тауып, сатып алған

Әрі бұл оқиға бір емес, бірнеше мәрте қайталанған көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 7-арнаның “Гу-гу-лет” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Менің де айнамды ұрлаған етін. Сол айнаны өзім сатып алғанмын. Айна деген ұрлағанға жеңіл зат. Бірінші автокөлігімнің де, осы соңғы жаңа көлігімнің де айнасын ұрлап кетті. Ал оның түпнұсқасын таппайсың. Мен сол өзімнің айнамды базардан тауып алдым”, – дейді Нұрлан Еспанов.

Сол сияқты режиссер Жеңісхан Момышев те ұрыларға бірнеше рет “жем” болғанын жасырмайды.

“Lexus, Mers сынды көліктерім болды. Апта сайын айналарын ұрлап кететін, сол айналарды өзім қайта сатып алатынмын. Ол бұрыннан бар проблема. Денис бауырымның жатқан жері жайлы болсын. Ол жай кетпей, осы мәселені көтеріп кетті”, – дейді ол.

“Алау” тобының экс-солисі Әсет Арыстанбек те басынан өткен оқиғасын баяндады.

“Екі апта бұрын көлігімді үйдің жанына қойдым. Үйге кірдім, шықтым. Айнасы салбырап тұр. Ұрлаған шығар дедім, бірақ орнында тұр. Ала алмады ма әлде мен тез шықтым ба, сондай оқиға болды”, – деп түсіндірді ол.

Ал жұлдызды жұп Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева мұндай оқиғаға бір емес, үш рет тап болған.

“2012 жылы жұмыстармен Бішкек қаласына барғанмын. Сол кезде дәл жолдың үстінде екі BMW автокөлігі, нөмірлерін шешіп тастаған. Екі жағынан қысып тоқтатып, шығарып, пышақ тақады. Қолдарында қарулары бар. Қару тақап, барлық заттарымды ұрлап кеткен болатын. Оның ішінде ұялы телефон, ақша бар. Тек құжатымды қолыма берді”, – дейді Ерлан Орынбасаров.

Арада бір жыл өткен соң өнерде жүрген ерлі-зайыптылар тағы да қарақшыларға “жемтік” болыпты.

“Бізде де Lexus автокөлігі болған. Соның бір жақ айнасын шешіп алды, екінші жағын шешпек болған кезде оларға айқайладым. Олар қашып кетті, мен қуған жоқпын. Сол бетте қалды. Одан кейін сол автокөліктің артқы терезесін шағып, ішінде жатқан Баянның тоны, тағы да басқа заттар ұрланды”, – деп түсіндірді Орынбасаров.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау