Нұрлан Ақүрпеков: Риода әр боксшымыздың да медаль алуға мүмкіндігі зор

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 9:54

Жамбыл облысының тумасы, «Астана Арланс» кәсіби командасының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының мүмкіндігін жоғары бағалап отыр.

20160518065146

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

“Командамыз әр медальдың әр түрінен ала алады. Алайда бұдан да жақсы көрсеткішке үміттеніп отырмыз”, – деді Нұрлан Ақүрпеков.

Сондай-ақ, белгілі бапкер Рио ойындарына лицензияны тәжірибелі қазақстандық спортшылар ұтып алғанын атап өтті.

“Олардың қатарында жамбылдық спортшы Олжас Сәттібаевтың болғаны да қуантады. Оның марапатқа ие болу мүмкіндігі бар деп ойлаймын”, – деді ол.

Н. Ақүрпеков 26 – 27 мамырда Лондонда WBS Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында өтетін «Астана Арланстың» британиялық командамен жартылай финалдық кездесуі жайлы айтты. Қазір Шымкентте оған дайындалып жатыр.

“Жеңіл салмақ дәрежесінде басымдық біздің жақта болса, ауыр салмақ дәрежелерінде қарсыластың мығы басым. Кездесу он салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Біздің клубқа төрт жамбылдық спортшы Жанболат Қыдырбаев, Асланбек Шымбергенов, Аманқұл Әбілхан мен Нұрсұлтан Аманжолов тартылды. Әр салмақта мықты спортшыларымыз бар”, – деді құраманың бас бапкері.

Еске сала кетейік Қазақстандық бокс федерациясының ақпаратынша, бокстан ерлер командасы толық құрамда Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отыр.

Риода Қазақстан намысын 10 спортшы – Біржан Жақыпов, Олжас Сәттібаев, Қайрат Ералиев, Берік Әбдірахманов, Абылайхан Жүсіпов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Василий Левит қорғайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар