Нұрәлі Әлиев Қазақстанда қар барысын қорғауға арналған қор ашты
Нұрәлі Әлиев Қазақстанда қар барысын сақтап қалуға арналған жобаны қолға алды.
Нұрәли Әлиев қордың ашылу салтанаты кезінде түскен суреттерін желіге жариялады.
«Snow Leopard Foundation» халықаралық қорының баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда қордың тұсауы кесілді. Бастаманы Нұрәлі Әлиев қолға алды.
Қордың ресми түрде өткен ашылу салтанатына шетелдік мамандар мен меймандар шақырылды. Швеция, АҚШ, Қытай, Ресей, Монако, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды, Македония, Дания, Франция мен Түркия елінен ғалымдар шақырылды. Одан бөлек шетелдік актер Эдриан Броуди, швед жиһангезі Йохан Нильсон, Джек Маның «Paradise International Foundation» қорының вице-президенті Ван Дэчжи, Монако Альберт II ханзадасы қорының өкілі Гэтсби Милютэн, Димаш Құдайберген арнайы мейман болды.
«Қар барысы тәуелсіз Қазақстанның символы. Өкінішке қарай, қар барысы 40 пайызға азайып кетті», – дейді Әлиев.
Бұл Қазақстандағы қар барысын қорғауға арналған алғашқы қор.
Нұрәлі Әлиев қар барысының шекара талғамайтынын айта келе, көп болып сирек кездесетін жыртқыш түрін қорғауға шақырды.
«Бір кездері адамзат ғарықша ұша алмайды деді. Бірақ адамзат оны игере алады. Енді ешнәрсе қалпына келмейді деуге болмайды. Бұл жоба әлем бойынша бірінші бастама. Оны құру, жүзеге асыру қызметі құрметтеуге тұрарлық», – дейді сөз алған Йохан Нильсон.
Жобаны қар барысын қорғаушы ғылыми орталықтың қадағалауында болады.
Институттың бөлім меңгерушісі Алексей Грачев бірнеше он жылдықтар бойы қар барысын зерттеп келді. Ол Snow Leopard Foundation жұмысының ғылыми тұрғыда қатаң бақылауда болатынын атады.