Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Норвегияда “бомба қойылған ұшақ” рейсі тоқтатылды

Норвегиядан Манчестерге ұшуы тиіс Ryanair әуе компаниясының ұшағы, әуе кемесіндегі екі жолаушының күдікті әрекеттеріне байланысты тоқтатылып, адамдары эвакуацияланды.

ryanair_1813487b

Сурет telegraph.co.uk

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Оқиға Осло қаласына таяу маңдағы Рюгге әуежайында болған. Күдіктілердің әрекеті тура ұшар сәтте анықталған. Полицияның мәліметінше, екі жолаушы әдейі өтірік әрекет жасап, әуе компаниясын алдап соқпақшы болыпты.

Ұзақ уақыт бір-бірімен сөйлескен екі адамнан жолаушылар “бомба” деген сөзді естіп қалады. Нәтижесінде, борттан ешқандайда бомба табылмаған, бірақ, әлгі екі адам тұтқынға алыныпты.

Олардың біреуі – британиялық болса, екіншісі Шри-Ланка азаматы.

Талқылау