Норвегия әскерилері генералға айналған пингвинге құрмет көрсетті (видео)
Шотландияның Эдинбург қаласында зообақта өмір сүретін пингвин Норвегияның Королевалық гвардиясының бригадалық генералы атанды.

Фото: twitter.com
Жаңадан тағайындалған генерал саптық қарауылды байыппен қарап шығып, содан соң әскери қызметкерлер оған құрмет көрсетті. Шерудің командирі Дэвид Элфрейден құттықтау да қабылдап, тіпті оған әлдене деп жауап та қатты.
Норвег армиясында пингвиндерге қызмет ету қалыпты жағдайға айналған. Нильс Улаф әскери мансап иеленген өз қаласындағы үшінші өкіл. Ол Королевалық гвардияда қызмет етіп, рыцарлық шен де алған.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген