Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жекпе-жек алдында қонақүйде төбелес шығарған Naiza лигасының спортшылары жарыстан шеттетілді (видео)

Қонақүйде төбелес шығарып, бір-бірінің жағасынан алған Ануарбек Бекембетов пен қырғызстандық Марсель Нурланбекулу арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

төбелес

Қонақүйде “хайп” үшін төбелес шығарған Ануарбек Бекембетов пен Марсель Нурланбекулын Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала жарыстан шеттетті.

“Лигамыздың ұраны: шайқасқың келсе, рингте шайқас! Біз спортшыларды өздерінің жауынгерлік қасиеттерін тек шаршы алаңда көрсетуге шақырамыз. Біз мұндай, спортқа жат мінез-өқлықтың көрінісін айыптаймыз және оны спортшының этикасын бұзу деп санаймыз.

Naiza лигасы төбелеске қатысқандарды дисквалификациялау туралы шешім қабылдады. Бұл жауынгерлер лигамыздың іс-шараларына қатысудан шеттетілді. Спортшыларды өздерінің жауынгерлік қасиеттерін тек ринг ішінде көрсетуге шақырамыз” – деді лига президенті Нұрбек Қарабала.

Айта кетейік, Naiza 59 турнирі 26 сәуір күні, Алматы қаласындағы “Алматы арена” спорт кешенінде өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде Көшен Ақанов ресейлік Роман Аркелянға қарсы жұдырықтасады.   

Талқылау