Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Несие комиссиясы «7-20-25» бағдарламасымен қанша адамға ипотека берді

Несиелік комиссия «7-20-25» бағдарламасы бойынша 95 ипотекалық несие алушының өтінішін мақұлдады. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Несие комиссиясы «7-20-25» бағдарламасымен қанша адамға ипотека берді

«Өздеріңіз білетіндей ипотеканы одан әрі дамыту және халықтың төлем қабілеттілігін қолдау мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы  енгізілді. Жаңа ғимараттардан тұрғын үй сатып алуға арналған несие төмен пайыздық мөлшерлемемен берілетін болады. Бұл жобаны ҚР Ұлттық банкі жүргізеді. Ұлттық Банктің дерегіне сүйенсек, ипотека алу жөніндегі өтініштер ағымдағы жылдың 4 шілдесінен бастап кредиттік комиссияның қарауына түсе бастады. Қазір онда шамамен 148 өтініш түсті және 1 млрд 100 млн теңгеге 95 ипотекалық несие мақұлданды», – деді министр баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл бұл бағдарламаға Ұлттық банк 100 млрд теңге бөледі. Жалпы, «7-20-25» бағдарламасына алдағы жылдары шамамен 1 триллион теңге аударылмақшы.

«Бұл арзан ресурстық механизм және жұмыс істейтін кез-келген Қазақстан азаматы несиеге пәтер сатып ала алады. Көптеген қазақстандықтарға қолайлы шарттармен тұрғын үй сатып алудың мүмкіндігі туып тұр», – деді Жеңіс Қасымбек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау