Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде некесіз жыныстық қатынасқа түскендерді заңмен жазалау ұсынылды

Келіс Рахымжан есімді желі қолданушысы некесіз жақындасатындарды жазалайтындай заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.

katynas

 

“Елдегі жастардың арасында ерте ажырасып кету көбейген. Үйленбеген жастар арасында, уағында жұптарын таппаған себепті әйел мен ер қатынасында бетімен кетуді шектеу үшін неке туралы заңға өзгерістер керек.

Некесіз қатынасқа түскені анықталған жағдайда еркекке де, әйелге де жаза кесу туралы бап қажет. Мұны аталарымыз қолданған. Зина жасаған әйелге, ерге де арнайы жаза бар еді. Біреудің әйелін азғырып, онымен жеке қалған адамды куәлармен растап жаза кесу бұрынғы заңда да болған. Бұнда баптардың ақшасына сеніп тым еркінсігендерді орнына қоятынына, өз міндетіне салақ қарап жүргендерді тәртіпке келтіретініне дау жоқ. Заңға өзгеріс керек”, – деп жазады ол желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Исламда үйленудің бес түрі бар

«Әзірет Сұлтан» мешітінде екінші әйелімен некесін қидыратын азаматтар да бар

Талқылау