Жас келіншек: Некесіз туған баламның әкесімен араласқаным дұрыс па?

Жұма, 21 Қазан , 2016 10:45

Қоғамда түрлі тағдыр бар. Байқаусызда істеген қателігінен бармағын тістеп жүрген жан, оқырмандармен сырласып ой бөлісуді жөн деп тауыпты.

10b1cf4bbf2cf842fc304becbc41dde2

Алматылық келіншек басынан өткен мына бір оқиғаны баяндап берді.

“Мен осыдан екі жылдай бұрын бір жігітпен таныстым. Екеуміз түнгі клубта танысқан едік. Құрбыларыммен туған күн тойлатып жүргенбіз. Аздап қызып алғанбыз, бір топ жігітпен танысып, таң атқанша солармен көңіл көтердік. Олардың ішінде бір жігіт маған ерекше ұнады, қалайда оны өзіме қаратуға тырыстым. танысқанымызға екі-үш күн болғанда жақын қарым-қатынасқа түсіп те үлгердік. Ол өте салмақты, көп сөйлемейтін жігіт еді. Ол мені ұнататын сыңай білдірген жоқ. Бірақ түнді бірге өткізуге қарсы болмайтын. Тіпті күн ара келіп тұрды десем болады. Ал мен оны сүйіп қалдым. Осылайша 6 айдай жүрдік. Бір күні жүкті екенімді білдім. Аяғымның ауыр екенін жігітіме айтып едім, ол бірден баланы алдырт деді. Мені сүймейтінін, үйленгісі келмейтінін айтты. Оны да түсінемін, өйткені мен оған адал болған жоқпын. Мен 19 жасымда бір жігітке алданған едім”, – дейді ол.

Сонымен ұл баланы дүниеге әкеледі. Жігітінің баланы қабылдамағанына қарамастан өмірге әкеледі және оған еш өкінбейді де. Алайда баланың 3 айлығында оны көруге келген жігіті, қайтадан бұрынғыдай келуін жиілетеді.

“Баласына қарасып тұрады, бірақ баласы бар екенін ешкімге айтпауымды өтінді. Оның маған үйленгісі келмейтінін білемін, бірақ баламды әкесінен айырғым да жоқ. Бірде абайсызда оның телефонына келген смс-хаттарды оқып қалдым. Кездесіп жүрген, ұнататын қызы бар екен. Оны ұнататын секілді. Бірақ оның менен де айрылғысы келмейді, мені қызғанады. Не істерімді білмей басым қатып кетті. Араласпай кетсем бе, ал балам ше? Мені бір баламмен кім алады?! Өзім əкесіз өскен соң баланың әкесі болғанын қалаймын. Енді не істесем болады?”, – дейді шарасыз жан.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы телеэкранға қайта оралды (фото)

Тыңдаңыздар: Мәдина Сәдуақасова Мейрамбек Беспаевпен дуэт айтты (фото, видео)

Ақерке Бүркітбайдің сұлулығы Нью-Йорк назарына ілікті (фото)

Алматыда жоғалған оқушыны экстрасенс тазару рәсіміне шақырғаны белгілі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Гүлеке
1 ай 14 күні кері

Ол жігітпен сен ешқашан отбасылы бола алмайсың. 1 бала түгілі 3 баламен де тұрмысқа шыққан келіншектер бар. Одан үмітіңді үз де басқа адамға тұрмысқа шығып ал. Жігіт те оңай табыла салмайды, оған да сабыр керек. Ал бала араласам десе əкесімен аралассын, бірақ сенімен емес. Тегін ас, тегін төсек болмай өзіңнің құныңды біл. Тұмсығыңды биік ұстап, өз-өзіңді бағалай біл. Бетіңнің əрі кетпей тұрғанда тұрмысқа шығып ал.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
07.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар