Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туыстары некесіз бала тапқан жас келіншекті өлтіріп тастады

Қырғызстанда жас қызды өз отбасының мүшелері өлтіріп тастаған. Оған  қыздың некесіз бала тапқаны себеп болыпты.

Қыздың денесі Ноокат ауданындағы өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Полиция оның тұлғасы мен өлімінің себебін 10 күн бойы анықтады. Нәтижесінде 22 жастағы қыздың жергілікті тұрғын екені анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызды оның 47 жастағы анасы мен 24 жастағы ағасы өлтірген. Қыз некесіз бала тапқандықтан, анасы мен ағасы оны «отбасын қорладың» деп айыптап, кешірмей қойған.

Turmush агенттігінің мәліметінше, қыз некесіз бала тауып, оны өзге отбасының тәрбиесіне берген.

Салдарынан жанжал кезінде анасы мен ағасы қызды өлтіріп, денесін су қоймасына лақтырып тастаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау