Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не себепті балетка аяқ киімдерін кию зиян?

Балетка туфлилері жаздық аяқ киімдер ішіндегі ең көп тарағаны. Алайда, ортопед мамандар әйелдердің бір тегіс аяқ киімдерді күнделікті киюі зиян екенін айтады.

baletki_udobnaya_i_krasivaya_obuv (1)

Яғни, балетка аяқ киімдердің күнделікті жұмысқа биік өкшелі аяқ киім киіп барғандай зияны бар.

Біріншіден, тақасыз аяқ киім кигенде аяқ сүйектері аздап зақымдана береді. Екіншіден сүйеп тұратын тақа болмағандықтан, аяқ сіңірі қауіпті жағдайда болады. Салмақ табанға түсетіндіктен, аяқтың деформациясы бұзылып, сүйегіңіз тасуы мүмкін.

Соның салдарынан тізе, жамбас буындарыңыз ауыруы мүмкін. Одан әрі бел омыртқаңызға да әсер етуі ықтимал.

Сонымен қатар, көптеген балеткалар баусыз, резеңкесіз жасалады. Аяқ киімнің ұшын башпайларыңыз ұстап тұрғандықтан, әдетте басымдық башпайларыңызға түседі. Соның салдарынан жүрісіңіз өзгеріп, башпайларыңыз жара болып жатады.

Мамандар тақасыз аяқ киімдерді күнделікті киюге тыйым салады. Ең дұрысы, өкшесі 2-3 см болатын аяқ киім таңдап, ортопедиялық сызықтарды пайдаланған жөн.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер не себепті крокс аяқ киімдерін киюге болмайтынын айтып берді

Аяқ киім күтіміне арналған 10 кеңес

Атыраулық ыңғайсыз аяқ киім сатқан дүкенмен соттасты

Талқылау