Назима Жәнібекова: Қазақ екенімді мақтан тұтамын

Ресейде Тиматидің шоуына қатысып, танылып кеткен Назима Жәнібекова желідегі оқырмандарының сауалына жауап берді. Шымкенттен шыққан бикеш қазақ тілі мен туған жеріне деген көзқарасы жайлы айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Назима Жәнібекова

“Қазақ болғанымды мақтан тұтамын, әрине сүйікті Отаным – Қазақстан.

Қазақ болғандықтан, әрине қазақша сөйлеймін”, – деп ана тілінде жауап берді Назима Жәнібекова.
Тиматиден бастап, Black Star командасының әр әншісінде татуировка бар. Бұл орайда оқырмандарды Назиманың бұл “дәстүрге” қаншалықты еретіні қызықтырған. Алайда шымкенттік бикеш ондай қадамға бармайтынын кесіп айтты.

Бұдан өзге, Назима бет терісін қалай күтетінін әңгімелеген.

“Дәрумендер ішемін, күніне 5-6 рет тамақтанамын. Жақында йога мен би жаттығуларын қайта бастаймын. Тері күтіміне келсек, бояуды барынша аз жағып, айына 1-2 рет косметологқа баруға тырысамын”, – дейді Жәнібекова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар