Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық домбыра күні белгіленді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
“«Ұлттық домбыра Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында қаулы етемін: 1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген мәтінде.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты