Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың АҚШ-қа алғашқы сапарының архивтегі видеосы пайда болды (видео)

ҚР Президенті Телерадиокешені Facebook желісіндегі парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа алғашқы сапарының архивтегі видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының алдында ҚР Президенті Телерадиокешені сіздер үшін Мемекет басшысының Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапарынан видеоматериал әзірледі. Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылы Елбасы бірқатар келісімдерге қол қойған еді. Ол кейін ел экономикасының қарыштап дамуына септігін тигізген болатын”, – деп жазылған Facebook желісіндегі хабарламада.

Ақорданың қызметі бұған дейін де Мемлекет басшысының 1992 жылы мамыр айында АҚШ-қа жасаған тұңғыш сапарынан бейнематериал жариялаған еді. Бейнематериалда Нұрсұлтан Назарбаев үлкен Джордж Бушпен Қазақстанның алғашқы инвесторларының бірі “Шеврон” компаниясымен келісімге қол қою мәселесін талқылауда.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президенті биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз:

Қарындастарына арнап ән айтқан Қарақаттың ұлдары жұртты сүйсіндірді (видео)

Алматы әуежайы Ерлан Көкеевтің шағымына жауап берді

Таиландта піл Ернар Айдарды таптап кете жаздады (видео)

Қайрат Нұртас отбасымен қобызшы Ақерке Тәжібаеваны перзентханадан шығарып алды (фото, видео)

Дженнифер Лопес Gucci-ден 1340 долларға сатып алған шұлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Талқылау