Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент зейнетақы активтерін жекеменшікке беруді ұсынды

Зейнетақы жинақтары тек ел бюджеті тапшылығын толықтыру үшін пайдаланылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

images

«2016 жылы зейнетақы активтері жеке қазақстандық  немесе  шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі қажет. Зейнетақы салымдарының кірістілігін арттыру үшін зейнетақы қаржыларын инвестициялау тәсілдерін қайта қарастыру керек», – деді Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, зейнетақы қорының қаржысына Ұлттық қор қаржысы  сияқты қарап, басқару қажет.

«Зейнетақы жинақтарын бизнесті несиелеу үшін шығындауды доғару керек. Бұл қаржы тек ел бюджеті тапшылығын толықтыру үшін ғана пайдаланылатын болады. Ал бизнеске біздерге халықаралық қаржылық институттар беретін қаржы да жеткілікті», – деді Елбасы.

Талқылау