Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Шетелге жасайтын сапарға қарамастан Головкиннің жекпе-жегін көремін

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні болатын Головкин-Альварес жекпе-жегін көреді.

48d06cdd4e681519793d747761e

Фото: Kapital.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Мұндай оқиға қазақстандықтарды теледидар алдына жинайды. Бұл кездесу өте маңызды. Мексикалық Альварес те өте жоғарғы деңгейдегі боксшы”, – деді Назарбаев Ақордада қазақстандық және шетелдік журналистерге арнап өткізген баспасөз мәслихатында.

“Головкиннің жеңіске жетіп, орта салмақта Мұхаммед Әли, Майк Тайсон сынды тұлғалармен теңесетініне сенімдімін. Бұл біз үшін өте маңызды. Бәріміз оған сәттілік тілейік. Көрші мемлекеттерге жасайтын сапарыма қарамастан, мен ол үшін жанкүйер болып, кездесуді көремін”, – деп атап өтті президент.

Еске салсақ, президент Назарбаев 16 қыркүйек күні Ташкентке іссапармен барып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездеседі.

Осыған дейін Лас-Вегастың жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын және қос боксшының қанша қаламақы алатындарын жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

Василий Левит пен Бахтияр Артаев мемлекеттік қызметші болмақ

Сабина Алтынбекованың анасы мүгедек жандарға S20 бренд футболкаларын сыйлады (фото)

Месси пианинода ойнап жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Футболшының интимді шаш үлгісі желіде күлкіге айналды (фото)

Талқылау