Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы өзін қандай ойлар мазалап жүргенін айтты

Елбасы халықтың өмірін тағы қалай жақсартсам екен деген оймен жүр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы қызметінің жасырын жағы туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, Елбасы адамдардың бақытты екенін білуге бағытталған британдық зерттеу туралы айтты. Ол сауалнамаға мыңдаған адам қатысқан.

«Бірінші орынға бала, достық, сондай ақ отбасы мен жұмыс қойылды. Яғни, отбасы үлкен маңызға ие. Балаларыңмен көрісу маңызды, бірақ оған көп уақыт бола бермейді. Біз сол отбасына уақыты жетпейтін адамдармыз », – деді Назарбаев CCTV қытай телеарнасына берген сұхбатында. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Саясаткердің пікірінше, адамдар әдетте президенттің сыртқы саясатын яғни, іссапарлар мен кездесулерді ғана көреді. Іс жүзінде бұл мемлекет басшысы міндетінің бір ғана бөлігі.

«Күнде халқыңа жақсылық жасау үшін тағы не істеу керек деген оймен эмоционалды және физикалық міндеттер жүктейсің. Басқалар сенің еліңді құрметтеу үшін тағы не істеу керек? Халықтың өмір сүру деңгейін қалай жақсартуға болады? Олардың өмірін қалай жеңіл жеңілдетуге болады?  Осы ойлар үнемі еңбектенуді талап етіп, маза бермейді» – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент бұл процесстің шығармашылыққа ұқсас екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті осы аптаның басында CCTV арнасына сұхбат берді. Елбасының берген сұхбаты жұма күні кешке «Хабар» телеарнасында көрсетілді.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай еліміздің кей өңірлерін өз жері дей ме?

Жер дауы: Екі жыл бұрын бас көтерген халықтың талабы орындалмаған

Жағдайы жоқ жанұялардың наразылығына шенеуніктер жауап қатты

Теңге қайта күшейді

Талқылау