Назарбаев отставкаға кетер алдында Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
.jpg)
Фото : egemen.kz
Екі ел президенті 19 наурыз, сейсенбі күні сөйлесті. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков атап өткендей, екі ел басшысының не туралы сөйлескені айтылмайды.
Назарбаев Путинмен отставкаға кететінін мәлімдемес бұрын сөйлескен.
Песков "Назарбаев ресейлік әріптесіне отставкаға кететіні жайлы айтты ма?" деген сауалға жауап беруден бас тартты.
Айта кетейік, 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысының қызметін уақытша атқаратын болды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты
"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады
Екі ер адамның арасындағы жанжалдың себебі – кәсіпкердің көңілдесі Айнұр Исина