Назарбаев: мені жастардың есірткі қолданатыны қынжылтады

Жұма, 15 Қыркүйек , 2017 11:07

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, жастардың есірткі қолданып, нашақор болатыны қатты қынжылтатынын айтты.

1661792

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Мен, біздің жастар есірткі қолданса, қынжыламын. Мұндай жағдай қазақ тарихында болмаған. Егер олар жаман жолға түсіп жатса, мен қиналамын”, — деді Назарбаев қазақстандық және шетелдік тілшілермен Ақордада өткен баспасөз конференциясы барысында.

“Егер жастар білім алып, жұмыс жасайтын болса, ол өз ісімен айналысып, басқаға уақыты да болмайды. Сондықтан мен жастарға жақсылық пен бақыт тілеймін”, — деді мемлекет басшысы.

Қыркүйектің басында президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев есірткі қолданғанын мойындаған болатын. Ол, әкесі Рахат Әлиев пен атасы Мұхтар Әлиев қайтыс болған кезде, көңіл жұбанышын есірткіден іздегенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Тоқаев сенат төрағасы болып қайта сайланды

Саясаттан кеткен Қиынов енді бар өмірін немерелеріне арнамақ

Қазақстан Сирияға әскер аттандыруы мүмкін

Назарбаев: телефон номерімді берейін бе?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар