Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Назарбаев: Мен салған жолмен біздің шөберелеріміз жүретін болады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодарға жұмыс бабымен барған сапарында өңірде шекаралық серіктестік әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Бұл туралы BNews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Елбасының сөзінше, бұған көлік-логистикалық кешені ықпал етеді.
«Жол салып жатырмыз. Темір жолдар, автожолдар не үшін салынып жатыр? Себебі көлік – бұл өмір. Мен салған жолмен біздің шөберелеріміз жүріп, еске алатын болады. Біз неміс жолдарымен рахаттана жүреміщ. Ал оны соғыстан кейін Конрад Аденауэр салған. Испанияда Франко жол төседі. Адамдар әлі күнге дейін оны пайдаланып келеді. Демек инфрақұрылым барлығы үшін өте маңызды. Облыс Ресейдің шекара маңында орналасқан үш облысымен көршілес жатыр. Бұл жағдай облыстың, Қазақстанның дамуына септігін тигізуі керек. «Нұрлы жол» сіздерге бәрін беріп жатыр емес пе», – дейді мемлекет басшысы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген