Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы бұйрыққа қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда айлық орнына азық-түлік алған жұмысшылар шу шығарды

Мұратхан Тоқмәди өлтірген банкир Ержан Тәтішев туралы бес дерек

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Сейсмологтар: Жаңа жылда Алматыда жер сілкінуі мүмкін

Талқылау