Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Қытайдан келе алмай жатқан қазақтардың мәселесін шешуді тапсырды

ҚР СІМ Қайрат Абдрахманов этникалық қазақтарың мәселесі жайлы айтты. Министрі үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik.

Назарбаев Қытайдан келе алмай жатқан қазақтардың мәселесін шешуді тапсырды

Фото: Sputnik

Бүгінде 700 этникалық қазақтың Қытайдан келуіне құқығы жоқ.

«Қазір Синцзян-Ұйғыр автономды округі 675 қазақтың Қазақстанға келуіне рұқсат беру мәселесін қарап жатыр. Бүгін, 7 тамызда, екі азаматтығы бар 19 азаматтың 15-іне салынған уақытша тыйым алынды», – дейді Абдрахманов.

Айтуынша, мәселе толық шешілген жоқ. Алайда Қазақстан тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр.

«Пекин мен Үрімшіде, Алматыдағы Қытайдың бас елшілігінде ресми кездесулер өткізіп жатырмыз. Мәселе 24 сағат бойы қаралып жатыр. Мемлекет басшысы бұл мәселені назарда ұстап қана қоймай, шешімін табу керектігін тапсырған болатын», – деді министр.

Министр Қазақстан азаматтығын алған этникалық қазақтардың Қытайда жинаған зейнетақысын ала алмау мәселелесі де бар екенін атады. Бұл жөнінде де жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдан заңсыз келгені үшін этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай істі болған еді. Сайрагүл сотта соңғы сөзін айтып, көмек сұрады. Екі баласы Қазақстанда анасыз тірі жетімнің күйін кешіп, әркімге жаутаңдаумен жүргенін, өзінің Қытайда құпия органына жұмыс істегенін айтты. Сайрагүл Сауытбай сот залынан босатылды. Кейіннен үкіметтен босқын мен азаматтық алу үшін көмек сұрады. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау