Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қызметінен кеткеннен кейін немен айналысатынын айтты

Бүгін, 19 наурызда, өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеген президент Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен кеткеннен кейін немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Назарбаев

Өз сөзінде елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметінде қалатынын айтты.

«Осы жылдарда өткен барлық сайлауларда сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін.

Осындай қолдаудың арқасында сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін мен бар күш-жігерімді, денсаулығымды, уақытымды аямай адал қызмет еттім.   

Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін.

Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізді жаңғырту процестерін жалғастыратын болады», - дейді мемлекет басшысы.


Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін доллар курсы өсіп шыға келді



 

Талқылау