Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары әскери және арнаулы атақтар, біліктілік сынып және сыныптық шендер беру туралы жарлыққа қол қойды.

Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, генерал-лейтенант әскери атағы Талғат Жеңісұлы Жанжұменовке берілді. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік генерал- лейтенант арнайы дәрежесін Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбековке, Марат Сапарұлы Өсіпов алды. Ал сыртқы барлау генерал-губернатор арнайы лауазымына Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов тағайындалды.

Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

Сонымен қатар, екінші дәрежелі Әділет кеңесшісі сыныптық шені – Ерлік Әбдікәрімұлы Кененбаевке берілсе, генерал-майор әскері атағын Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров, Ұларбек Ташықұлұлы Әбікеев, Дмитрий Владимирович Бочаров, Серік Бақытжанұлы Ізтілеуов, Арман Зарлықұлы Қалиев, Қайрат Рашидұлы Көпбаев алды. Сондай-ақ авиация генерал-майоры әскери лауазымы Евгений Евгеньевич Подгайскийге берілді.

Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

Президент ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағын Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев пен Сабыржан Ибрахимұлы Оңғарбаевқа берді. Сыртқы барлау қызметінің генерал-майоры арнайы атағы Нұрлан Оразұлы Оразовқа, ал полицияның генерал-майоры шені Махамбет Қайыржанұлы Әбісатовқа, Арманбек Хакімбекұлы Баймұрзинге, Мұрат Талапұлы Қабденовке, Жанат Қуанышұлы Сүлейменовке берілді. Сонымен қатар, үшінші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені Болат Бекназарұлы Дембаевқа және Азамат Сембайұлы Жылқыбаевқа тапсырылды.

Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

Ал Дулат Байдалинұлы Азбергенов үшінші санаттағы жоғары біліктілік дәрежесі орденімен марапатталды.

Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

Тағы оқыңыз: 

Аймағамбетов: ҰБТ-ның жауаптарын болжау мүмкін емес

Жолаушы ала кетпекші болған Қостанай тұрғыны көлігінен айырылып қалды

ҰБТ-2018: «Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдік жасала ма

Қазақстанда орта мектепті бітіру қанша тұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар