Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Қазақстандық отбасы орта есеппен 500 мың теңге табады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық отбасылардың орташа табысы жайлы айтты. Елдегі тұрғын үйдің қолжетімділігі жайлы сұраққа жауап берген елбасы әр отбасының орта есеппен 500 мың теңге табатынын жеткізді.

“Жұмыс істеген уақыттан бері тұрғын үй салып келеміз. Содан бері проблема азайған емес. Бұл бір жағынан жақсы. Халық саны өсіп жатыр деген сөз. Соңғы кездері көптеген қызықты шаралар қола алынды. “7-20-25″ бағдарламасы жүзеге асты. Бұрын банкке 50 пайызын төлеу керек болатын. Қазір 20 пайызын төлейді. Азаматтарға 7 пайызбен 25 жылға беріледі. Бұл несие төлеу үшін жеңіл.

Егер пәтер 10 млн теңге тұрса, онда бір отбасы ай сайын 50 мың теңге төлейді. Қазақстандағы отбасының орта есеппен 500 мың табатынын ескерсек, екі адам жұмыс істеген жағдайда 50 мың теңге төлеу жеңіл. Осылайша ақырындап несиеден құтыла береді”, – деді елбасы БАҚ өкілдерімен кездескен отырысында.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы орташа айлық 161,8 теңге немесе 431 доллар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау