Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев қазақстандықтарға алғыс айтты (видео)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға елорданың құрылысына атсалысқандары үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

Ақорданың Instagram желісіндегі ресми парақшасында құттықтау видеосы жарияланды. Видеода Елбасы қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

«Біз Қазақстанды тұрғыздық, біз керемет астанамыз – Астананы тұрғыздық. Бұл бүкіл қазақстандықтың еңбегі болды. Және бұл барша қазақстандықтың келешекке деген сенімі еді.

Менің бұл ойымды қолдаған баршаңызға алғыс білдіремін. Біз елорданы тұрғыздық, ендігі оның 20 жылдық мерейтойын мерекелейміз.

Мен барлық астаналыққа, қазақстандыққа береке, жақсылық пен еліміздің дамуындағы жаңа жетістіктерді тілеймін», – дейді Елбасы.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау