Назарбаев: Доллар қымбаттады деп байбалам салуды қою керек

Бейсенбі, 10 Наурыз , 2016 10:33

Доллар қымбаттады деп байбалам салуды қою керек. Бүгін Батыс Қазақстан облысында халықпен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Президенттің айтуынша, еліміздің болашағы жарқын болуы тиіс, – деп хабаралайды КТК арнасының сайты.

10281653

Сурет: © Солтан Жексенбеков

Оралға ат басын тіреген Елбасы алдымен өңірдегі Тұрғынүй-құрылыс комбинатында болып, Қадыр Мырза-Әлі атындағы өнер үйінде өңірдің зиялы қауымымен кездесті. Алғашында әңгіме ғылым, өнер мен театр жайында өрбігенімен, бәрібір экономиканы айналып өтпеді. Елбасы  теңгемен жалақы алып, ұлттық валютаға тауар сатып алып жүрген жұртқа  долларға жалтақтауды қою керек дейді. Есесіне, білім саласына мықты назар аударған жөн.

“Қазіргі дағдарыс әлемдік экономиканы жаңартады. Жаңа жетістіктер, инновациялар арқасында  біз немесе біздің ұрпағымыз әлемдік экономиканың жаңа түрінің дамуына куә боламыз. Біз бұған дайын болуымыз керек. Ол үшін білім саласына назар аудару қажет, – деді елбасы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Бақыт says:

    Осы доллар деп байбалам салып үйреніп қалған қазағым ай… Қалтасында 1 доллары жоқ адамдар да эксперт сияқты болжам айтатын болып кеткен сияқты. Теңгемен өмір сүруге бейімделгеніміз жөн.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар