Назарбаев бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысын арттыруды тапсырды
Бүгін, 27 ақпанда, Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұндай өзгеріс биылғы жылдың 1 шілдесінде енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz.
Өз сөзінде мемлекет басшысы бюджет саласында жұмыс істеп жатқан айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды.
«Осы жылдан бастап қаңтар айында базалық айлық мөлшерін бір жарым есеге өсірдік. Мұғалімдердің айлығын 30 пайызға, біліктілігін арттырған ұстаздарға 50 пайызға арттырдық. Демек, осы санаттағы азаматтардың кірісі айтарлықтай өсті. Бұл бағдармада бір миллион азаматтық қызметкерді қамтиды. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырамын», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бүгінгі таңда еліміздің нарық заманында өмір сүріп жатқанын еске салған елбасы мемлекеттің басты міндеті – азаматтарға жұмыс тауып беру екенін атап өтті. Сонымен қатар президент ұқтаж жандарға көмек беріліп, атаулы сипатқа ие болуы тиіс екенін айтты. Бұл мәселені жеке бақылауыма аламын, дейді ол.
Партияластарды да бөлінген қаражатты әрбір отбасыға жеткізуде бақылауға көмектесуді сұраймын. Менің тапсырмам бойынша бүгінгі таңда азаматтарды алаңдататын мәселелелерді анықтады. Ол мәселелер – балаға бөлінетін жәрдемақы, көпбалалаы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамту. Партияның осы мәселелерді шешудегі маңызды үлесі – әлеуметтік саясатты үш бағыт бойынша жүзеге асыру болып табылады. Біріншіден, халықтың аз қамтылған бөлігінің кірісін арттыру және қолдау, екіншіден, кірісі төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу және білім, денсаулық сақтау саласын жақсарту, үшіншісі аймақтарды кешенді түрде дамыту», – дейді мемлекет басшысы.