Назарбаев «болашақ президенттің» кім екенін атады
Қазақстанның «болашақ президенті» желіде жұлдызға айналды.

Балалар үйінің 7 жастағы тәрбиеленушісі Коля Денисов Назарбаевпен сөйлесті.
Елбасы Қостанай облысына барған сапарында Рудныйдағы балалар үйінде болып қайтты. Балалар үйінің 7 жасар тәрбиеленушісі Коля елбасыдан президент болу үшін не істеу керек екенін сұрады.

«Мен күреспен, тенниспен айналысам. Сурет салам. Арманым – президент болу. Президент болуым үшін не істеу керек?», – деп сұрады балақай.
«Мен кім президент болады деп ойланып жүрсем, сен екенсің ғой», – деп әзілдеді елбасы.
Коля Денисов қазірдің өзінде балалар үйіндегі «Шанс» мемлекетінің әкімі. Ол тенниспен айналысады. Болашақта әкім ғана емес, президент болғысы келеді.
Тағы да оқыңыз:
Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды
Бекболат Тілеухан бас прокурордың шешендігіне қайран қалды
Алматыда жаяу жүргіншіні қаққан жүргізушінің өзі көлік астына түсіп қаза болды
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді