Назарбаев: Адамдар маған хат жаза бергенді доғарып, сотқа сенулері керек

Дүйсенбі, 4 Қыркүйек , 2017 14:56

Мемлекет басшысы Назарбаев азаматтар президенттің атына хат жолдай бермей, өз проблемаларын сотта өзі шешкен кезде барып еліміздің сот жүйесі табысқа жететінін айтты.

Безымянный

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Сот жүйесінде қажетті шаралардың барлығы қамтылды. Адамдар өз проблемасын шешер кезде не маған хат жазбай, не әкімдікке бармай, сотқа жүгінетін болса, онда соттар адамдардың сеніміне ие болады. Сол кезде барып бір жетістікке қол жеткіздік деп айта аламыз”, – деді президент парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президент еліміздің құқық қорғау органдарын реформалауды жалғастырып, қылмыстық процесті жаңа деңгейге көтеру керектігін, сол арқылы құқық қорғау органдарының жұмысын халықаралық стандарттарға жақындатуға болатынын айтты.

“Полицияға келетін болсақ, әлі көп нәрсе жасау керек. Біз қылмыстық, әкімшілік кодекстерге өзгерістер енгіздік, бірақ тергеу мәселесінде адамдарға қысым көрсететін кеңістік қалып қойды”, – деді Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Тоқаев Мьянмадағы мұсылмандардың қырылуына байланысты үн қатты

Ақмола облысында әкім ірі көлемде пара алып жатып ұсталды (видео)

АҚШ президенті Назарбаевты еліне шақырды

Әсет Исекешевтің қазақшасын жұрт Сайлаубектің рэпіне теңеді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Anonymous says:

    Тек сот кана емес барлық жерде ақшаң болса сыйлы боласың.жоқ болса тири олик болып журемизда.

  • Anonymous says:

    Биздин соттагы аддамдар адил емес.карапайым халық басқа кимнен комек сурайды айтыңызшы

  • Anonymous says:

    Сотта əділдік болмаса ақшаға қарап жүмыс істесе халық енді не істейді.

  • Anonymous says:

    Сот әділ болмаса ақшаға қарап жүмыс істесе халық енді не істейді.

  • Anonymous says:

    Сотта əділдік көрмегесін шыдамы таусылғаннан,басқа барар жер басар тауы қалмағаннан жазады ғой сізге Нұрсұлтан ата.

  • Anonymous says:

    Егер соттар əділ болса халық президентке жүгінбеген болар еді

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар