Наурыз көжені қалай дайындайды?

Наурыз көже– түркі халқына ортақ тағам. Ұлыстың ұлы күні міндетті түрде Наурыз көже дайыналады. Бұл молшылықтың, құт-берекенің жоралғысы саналады.

Дәстүрі бойынша Наурыз көже 7 түрлі астан дайындалады. Оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған қазы, қарта, шұжық, т.б. қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады, деп жазады stan.kz.

Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз.Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз дәмді болсын!

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай қай күндері демалады

Алдағы мереке күндері ауа-райы қандай болады?

Синоптиктер наурыз айында ауа-райының қандай болатынын мәлімдеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар