Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Науқас қызға бір бүйрегін берген қазақ жігіті өзін іздеп тапқан қызға үйленді (фото)

Науқас қызға бүйрегін берген 26 жастағы Абзал Әділов 22 жастағы шымкенттік қызбен отау құрмақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Абзал есімді жігіттің Жамилә есімді науқас қызға бір бүйрегін беріп, ерлік жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Осы оқиғадан соң 22 жастағы Әйгерім Исмайл Абзалды өзі іздеп тапқан. Жігіттің жомарттығын естіп, бірден ұнатқан.

«Әйгерім мен туралы естіген соң желі арқылы іздеп тапты. Екі рет кездестік. Үшіншісінде мен оны Оралға алып қашып кеттім. Бір көргеннен ұнаттым. Тойымыз 8 маусымға жоспарланып отыр. Тойға 100 шақты адам келеді. Денсаулығым жақсы. Дүкенде күзетші болып жұмыс істеймін. Тойдан соң үй алу мәселесін қарастырамыз», – дейді жігіт.

Әйгерім қазір жүкті. Ол да Абзалды бірден ұнатып қалғанын жасырмады.

«Ол нағыз батыр. Жер бетінде ол секілді есеп көңілсіз көмек көрсететін адамдар аз. Мен оны өте жақсы көрем. Болашағымыз жарқын боларына сенем», – дейді жары.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау