Науқас қызға бүйрегін берген оралдық жігіт жұмысқа орналаса алмай жүр

Шымкент қаласында төсекке таңулы жатқан Жәмилә Байсеріковаға өз бүйрегін берген Оралдық Абзал Әділов отадан кейін үйленіп, оңалту бөлімінде тексеруден өтіп жатыр. Жас жігіт бейтаныс қыздың өмірін құтқарып алғанымен, қазір жұмысқа орналаса алмай қиналып жүр.

Бұл туралы Мой Город порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Отадан кейін тез қалпыма келіп, ауруханада үш-ақ күн жаттым. Сол кезде Шымкент қаласының бір қызымен әлеуметтік желі арқылы  сөйлесіп жүрдім. Ол менің өзгеге жасаған жақсылығыма сүйсініп, ғашық болыпты. Шымкенттен қайтар жолда оны алып қашып кеттім. Міне осы күннен бастап ол менің жарым»,- деп түсіндірді Абзал.

Жігіт ота қанша сәтті өтсе де қазір оңталу бөлімінде емдеуден өтіп жүр. Ол бұрынғыдай кез-келген ауыр жұмысты істей алмаймын деп, өз мәселелерімен бөлісті.

«Дегенмен жұмыс жағынан біраз қиындықтар туып тұр. Маған бір жылдай 5 келіден артық салмақ көтеруге болмайды. Сол үшін жеңіл жұмыс іздеп жүрмін. Мамандығым бойынша автокран басқарушымын. Жүргізуші куәлігім болғанымен тәжірибем жоқ. Еңбек биржасына күзетші болып орналасуды жоспарлап едім, қазір бос орын болмай тұр. Жұбайым тәрбиеші болып жұмыс істейді. Қазір отбасымызды әйелім асырап отырғандықтан, ағамның үйінде тұрамыз»,-дейді Абзал.

Күйеунің уақытша жұмыс істемей жүргеніне еш ренжімейтін әйелі Абзалды алғаш теледидардан көрген екен.

«Мен оның өзгеге жасаған жақсылығын құптаймын. Ол дұрыс шешім қабылдады. Біз куйеуім екеуміз үйленгенге дейін бірнеше рет қана кездестік. Ол ауруханадан шыққанда мен оған еріп Оралға келдім»,-дейді Абзалдың жұбайы Әйгерім Ысмайыл.

Төсекке таңулы жатқан қызға бүйрегін берген жігіттің басқа да жақындары Абзалдың әрекетін құптамай отыр. Кейбір туыстары бала біреуге жақсылық жасағанымен өзінің денсаулығына зиян келтірді дейді. Жігіттің денсаулығына алаңдаған жақындары Абзал үшін қорқып жүр.

Сонымен қатар жас жігіт Жәмиләның өзімен де анасымен үнемі хабарласып тұрады екен. Олар Абзалға үнемі алғыс айтып, жасаған жақсылығына ризашылық білдіріп тұрады. Ол да бұл шешіміне еш өкінбейтінін жеткізді. Абзал тек жұмысқа орналасып жеке баспаналы болуды ғана армандаймын дейді.

Жіберіп алмаңыз: 

Атышулы Замира: Жігітім жоқ, бар болса екіқабат болып баяғыда байға тиіп алар едім

Депутат Балиева әкімнен таяқ жеген баланың жағдайын білуге ауруханаға барды

Аман Тасыған: Мейрамбек Бесбаевты ел жақсы жағынан таниды, ал шынайы бейнесін көргенде қабылдай алмай қалады

Өз тағдырын сахналауға келіскен ақтөбелік келіншек қойылымның соңына дейін шыдамай, залдан шығып кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар