NASA Марстан Жер мен Айдың қалай көрінетінін көрсетті
Агенттік біздің планетамыздан 205 миллион шақырым ұзақтықтан түсірілген суретті жариялады.

Екі суреттің бірі 2016 жылы 20 қарашада HiRISE камерасымен түсірілген. Сурет Mars Reconnaissance Orbiter стансасында, анығын айтар болсақ, Қызыл планета бізден 205 млн шақырым қашықтық аралығында тұрғанда Марс орбитасынан түсірілді.
Суретте Жер мен Айдың бейнесі мен көлемі сақталған. Алайда, түсі өзгертілді. Өйткені Айдың түсі қараңғылау болғандықтан, оның түсін ашық етуге тура келді.
Суреттердің анық түсірілгені соншалық, оның бетінен Жер планетасындағы материктерді көруге болады.
Жіберіп алмаңыз:
Ғарышта сулы шүберекті сыққанда қандай өзгеріс болатынын көріңіз (видео)
Тұңғыш қытай ғарышкері аспан әлеміндегі тылсым дыбыс туралы айтып берді
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды