Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Намысыма тиді: КешYou әншісі Ақбота мен Жұлдыздың тағдырын қайталаудан қорқып жүр

Атышулы Ақбота Сейітмағамбет пен Жұлдыз Өмірғали «КешYOU» тобынан кеткеннен кейін, аталмыш үштіктің әншісі Балжанға жағымсыз пікір жазатын оқырмандардың саны күрт көбейген. Желідегілер Бидашты балағаттап, топтастарының тағдырын қайталайды деп топшылайтын көрінеді. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген әнші қыздың бүгінде хэйтерлерге төтеп беруге қауқары жетпей жүрсе керек.

Сондықтан инста-парақшасы арқылы арнайы пост жариялап, ғаламтор тұтынушыларын сабырға шақырғанын айтады.

«Көбінесе «КешYOU» тобының қыздары деп халық тіл тигізіп жіберді. Бес саусақ бірдей емес. Әр адам әр түрлі. Әр адам жақсы болғысы келгенімен, сондай қателіктерге бой алдырып қояды. Олардың тағдыры солай болды. Біреудің өмірін әңгіме қылып, күнәға батып, қажет емес деп ойлаймын. Менің намысыма «КешYOU» қыздарының барлығы сондай деген сөз қатты тиіп кетті. Сондықтан халық олай тіл тигізуді тоқтатса екен. Олай ойламаса екен деп арнайы пост жаздым», – дейді Балжан Бидаш.

Ақбота мен Жұлдыздың жеке өміріндегі жайсыз жайт, бастапқыда Балжанға да ауыр тиіпті. Бидаш барлық жағдайдың тосыннан болғанын жасырмайды. Тіпті Сейітмағамбеттің Дәурен Айдарқұловпен көңіл жарастыру жоспарында болмаған. Ал Өмірғалидың Айқынмен бір шаңырақ астында ғұмыр кешу үш ұйықтаса да түсіне кірмеген екен.

«Негізінде қорқыныш туындады. Адамның өмірінде ойламаған нәрсе болады екен. Ақбота мен Жұлдыз да ойлаған жоқ, олай боларын қалаған жоқ. Сондықтан менің де бойымда қорқыныш болды. «Алла сақтасын» – деген сияқты. Қыздарға жақсылық тіледім. Қайда барсаң да барлығы сол тақырыпты қозғағысы келеді. Менен сұрағысы келеді. Ол психологияға әсер етеді. Өйткені екі жылдан асса да, ол әңгіме әлі күнге дейін басылмай тұр. Сондықтан мен ол тақырыптан шаршап кеттім», – дейді Балжан.

Бұрын бір топта ән салған әріптестердің арасындағы қарым-қатынас әлі күнге дейін үзілмеген. Балжанның қолы қалт етсе қос құрбысымен жүздесіп тұрады екен.

«Қазіргі қарым-қатынасымыз жақсы. Мен ол қыздарды өте қатты жақсы көремін. Тіпті қазіргі таңда бұрынғы уақыттан қарағанда одан да қаттырақ жақсы көремін. Анда-санда кездесіп тұрамыз. Көп кездесе бермейміз. Өйткені жұмыс бар. Ақбота мен Жұлдыз да жұмыс істеп жатыр, сахнаға қайта шығып жатыр. Бәрі жақсы», – дейді «КешYOU» тобының әншісі.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Ақша мен атақ жанын бұзбаған танымал жұлдыздар (видео)

Алматы облысында ауыл жастары ақша жинап, тұрмысы төмен 25 отбасыға көмір алып берді (фото, видео)

Қарақат: Кезінде Қыдырәлі 101 раушан гүлін сыйлап, табанымның астын гүлге толтырған (фото)

Тағдырдың еркесі: Танымал нумеролог Төреғалидің адал әрі сенгіш жан екенін айтты

 

 

 

 

Талқылау