Дінге бет бұрған әншілер «ән айту – харам» деген пікірге қатысты жауап берді
Осыдан он шақты жыл бұрын «ән айту харам, домбыра – шайтанның таяғы» деген сияқты да пікірлер естіліп қалған еді. Дәл қазір ешкім өйтіп айтпаса да, бұл туралы ой намазхан әншілерді әр кез мазалайды.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
«Өнерді харам деп те, халал деп те айта алмаймын. Менің түсінігімше, әннің өзінің естісі бар, есері бар», – дейді әнші Нұржан Керменбаев.
«Егер ән айту күнә деген пәтуа шықса, бір күнде қоя саламын», – дейді Ердос Қанаев.
«Жігіттер» квартетінің әншісі ән айтудың дұрыстығына сенімді болмағанымен, бұл қабілетін мешіттегі жамағатқа да паш етіп жүрген көрінеді. Айтуынша, оның Алла үйінде азан шақыруына имамдардың өздері рұқсат берген.
«Діни басқармасының имамдары рұқсат берді. Әнші болған соң дауысың жақсы деп. Азан шақырған видео желіде тарап кетті, сондықтан бәрі біліп қойды», – дейді «Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев.
Оқи отырыңыз:
Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты
Қазақстандық модель Қорлан Мәди италиялық азаматқа тұрмысқа шықпақ
Әнші Рүстем Жүгінісовтың жары ән салып, елді аузына қаратты (видео)