"Намаз оқымайтындар ше": Мешіттегі намазхандарға ғана арналған көлік тұрағы түсінбестік туғызды
Еліміздегі мешіттердің бірінің қақпасындағы тақтайша жұрттың түсінбестігін тудырды. Онда көлік тұрағының тек намаз оқитын адамдарға арналғаны жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мешіт қақпасындағы тақтайшада «Намазхандарға арналған тұрақ» деп анықтап жазылған. Бұл жазу тұрғындардың түсінбестігін тудырды. Сонда намаз оқымайтын жандар тұраққа көлігін қоя алмай ма?
Мән-жайды анықтау үшін ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне хабарласып көрдік. Алайда діни басқармадағылар мұндай тақтайшаның қай өңірдегі мешітте орнатылғанынан хабарсыз болып шықты.
«Бұл суретті бірінші рет көріп тұрмыз. Тіпті, қай қалада түсірілген сурет екенін айту қиын. ҚМДБ намазхандар үшін арнайы тұрақ ашпағанын мәлімдейді. Суреттегі тұрақ мешіттің өзіне тиесілі болуы мүмкін», - дейді ҚМДБ баспасөз қызметіндегілер.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған