Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нақұрыс тергеушілер айналысты: Анасы Томирис Байсафаның ісіндегі өзгерістерді айтты

Қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу ісі Ресейдің Мәскеу қаласы бойынша бас тергеу комитетіне жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы анасы Жанна Ахметова мәлімдеді.

«Астана-Москва-Астана маршруты жүйкені жұқартады. Істі Ресейдің Мәскеу қаласы бойынша бас тергеу комитетіне жіберді. Жаңа сараптамалар тағайындалып, бастапқыда айтқан сұрақтар бойынша тергеу жүре бастады», – дейді Жанна Ахметова.

Анасына жаңа тергеуші уақыттың текке өтіп кеткенін айтқан. Тергеу ісі толық ашылмағанын ескерткен.

«Қажетті материалдар алынбаған. Тиісті сараптамалар тексерілмеген. Нақұрыс-тергеушілер жұмыс істеген», – дейді анасы.

Ол әлі де үміт үзбей, кінәлілердің жазаланатынына сенеді. Қандай да бір дәлел табатынын айтады.

Ресейдегі Қазақстан елшілігі де істі бақылауда ұстап отыр.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Бұған дейін Томирис Байсафаның анасы қызымен бірге жүрген достардың сатқындығы жайлы айтқан еді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау