Мысыр үңгіріндегі кішкентай алақан іздерінің құпиясы ашылды

Бейсенбі, 3 Наурыз , 2016 14:06

Ежелгі үңгірдегі кішкентай алақан іздерінің құпиясы ашылды. Ғалымдар Мысыр еліндегі Вади Сура ІІ үңгірі қабырғаларындағы кішкентай «қолдардың» іздері адамдыкі емес екенін анықтады.

otpechatki_ruk_d_850

Сурет: depositphotos.com

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Зерттеушілер көне суретшілердің осындай суреттерді жануарлардың көмегімен жасағанын шамалап отыр.

Ливия шөліндегі Вади Сура ІІ үңгіріндегі тасқа салынған суреттер 2002 жылы анықталған. Олардың барлығы 8 мыңнан астам жыл бұрын жасалған. Мұндағы көптеген суреттер жануарлардыкі болған соң ғалымдар бұл орынды жануарлар үңгірі деп атаған.

Алайда жануарлардың суреттерінен басқа үңгірдің қабырғаларында қол іздері, соның ішінде өте кішкентай қолдардың іздері бар. Зерттеушелер бұл жаңалыққа қуанып қалды, себебі бұрын балалар қолдарының іздері тек австралиялық жартас суреттерінен ғана табылған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар