Мысық кір жуғыш машинада киімдермен бірге 40 минут бойы жуылып кеткен
Норвегияның Осло қаласында Зеро атты мысық абайсызда кір жуғыш машинаға кіріп кетіп, киімдермен бірге 30 градус температурада 40 минут бойы жуылған, деп хабарлайды NRK басылымына сілтеп Stan.kz.
Кір жуғыш машинаға киім салған кезде мысық бірге кіріп кеткен екен. Кір жуылып болғаннан кейін, ішіндегі мысықты 14 жасар бала Йоаким тауып алыпты.
«Оның үсті су болып қалған. Бұрынғыдан арықтап қалғандай көрінді. Жерде дұрыстап тұра алмай, айналасында не болып жатқанын түсінбейтіндей күйде болды. Артынан жүрегі айни бастады», – дейді Йоаким.
Иелері мысықты ветеринарлық емдеу орталығына алып барған. Ол жерде мысыққа дәрі тамызғыш қойылыпты. Екі күннен кейін ол иелеріне қайтарылды.
Оқи отырыңыз: Мысықтар туралы 65 қызықты мәлімет
Талқылау

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
Жанна кез келген адам жарына адал болу үшін өзінің диагнозын айтуға міндетті деп санайды

Таеквондодан бас бапкер жалған құжат жасап, жасөспірімдер жарысына қатысқан: Министрлік оны жауапқа тартпаған
Бапкер жарысқа 2001 жылы қатысқан