Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мырзатай Жолдасбеков: Димаш осы танымалдығын көтере алса, жақсы болар еді

27 ақпан күні Қазақ Ұлттық өнер академиясында Димаш Құдайбергенніңтыңдармандарымен кездесуі кезінде мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбек әншіге бата беріп, ақылын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170227171157

«Алла Тағаланың қазақтың маңдайына берген әншілері көп болды. Бірақ, олардың көбі бүгінгі Димаш сияқты шекара асып, бүкіл әлемді таңғалдыра алмаған. Өйткені, мүмкіндіктері болмады. Әміре Қашаубаев қана Парижге барып ән салды»,-деген Мырзатай Жолдасбек Димашқа «осы танымалдылықты көтере біл» деген ақылын айтты.

«Қой көрмеген көргенсіз қуалап жүріп өлтіреді» дегендей, Димаш осыны көтеріп кетсе жақсы болар еді… Сен (Димашқа қарата айтқан сөзінде – агенттік) көтеріп кетуің керек, өйткені, халық сенен үлкен үміт күтіп отыр. Алдыңда талай жарыс бар»,-деп батасын берді.

Айта кетейік, әнші Димаш Құдайберген бүгін Қазақ ұлттық өнер академиясында өз ұстаздарымен және достарымен кездесті.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасы Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады

Жүнісова: Ата-анасына бала Димашты шаршатып тойға сүйрейбермеңдер дегем

Димаш Құдайбергеннің тойдағы гонорары 15 мың АҚШ доллары болып кетті

Димаштың Ақтөбеге барғандағы басты мақсаты белгілі болды

Талқылау