"Мұндайды күтпедім, жаным ашып тұр": Әйтімова ұсталған вице-министр туралы
Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова екі айға қамауға алынған Эльмира Суханбердиеваға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Депутат мұндай жағдай болады деп күтпегенін айтады. Ол бұл жаңалықты әлеуметтік желілерден білген екен.
"Эльмира Суханбердиева - сондай бір жұмыскер, қызметкер тұлға. Бұл мәселеге қатысты қандай да бір шешім қабылдамас бұрын барлығы дұрыстап зерттеліп, тексеріледі деген ойдамын. Жеке өз басым мұндайды күтпедім. Көңіл-күйім болмай, жаным ашып тұр", - дейді Әйтімова журналистердің сұрағына.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық бюро білім және ғылым министрінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Кейін оның екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған