Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған үлескерді алдап кеткен экс-депутат Австрияда емін-еркін қыдырып жүр

«Азбука жилья» құрылыс компаниясының басшысы Ерқанат Тайжанов Австрияда бостандықта жүр, ал бұл уақытта қазақстандық прокурорлар оны экстрадициялауға рұқсат алу үшін тырысып жатыр. Арадағы келіссөз жұмыстары австриялық тараптың кесірінен ұзаққа созылуда, деп хабарлайды КТК арнасы.

dfe58a14-9462-4e9d-b0c4-9bdc0e6b9715

«Бізде тергеу жүргізілген істі оларға тапсыруымыз керек. Бұл істі жақын арада тындырамыз деп үміттенемін. Олардың процедуралары ұзақ екен, сол себепті ортақ тіл тауып, қылмыстық істің материалдарын береміз деп үміттенемін. Себебі бұл іс Австрия Республикасында да жалғасуы тиіс», – дейді ҚР бас прокуроры Жақып Асанов.

Тайжановт үлескерлерді алдап кеткені үшін тиісті жазасын алуы тиіс. Дәл осы себепті прокурорлар оны елге қайтармақ. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ол шамамен 3 мыңға жуық адамның салымын қалтаға басқан. Ол – 40 миллиард теңге. Қашып кеткен кәсіпкер қазір Австрияда жүр. Бір жыл бұрын оның сол жақта ұсталғаны хабарланған еді. Алайда бүгін қашқынның бостандықта жүргені белгілі болды.

Айта кетейік, Ерқанат Тайжанов Астанада тұрғын-үй кешендерін тұрғызумен айналысқан «Азбука жилья» компаниясының иесі еді. Кәсіпкерлікке дейін ол Мәжіліс депутаты болған.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Білім министрі ҰБТ-дан қазақ тілі неліктен алынып тасталғанын түсіндірді

Синоптиктер “Мәскеу дауылының” Қазақстанға келе жатқаны туралы мәліметті жоққа шығарды

Елбасы Қазақстан теңге сарайы шығарған алтын құймаларды алғашқы болып сатып алды

Талқылау