Мыңбаев: Ресейде бензиннің бағасы көтерілсе, бізде де қымбаттайтын болады

Бейсенбі, 17 Наурыз , 2016 18:40

“ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, Ресейде бензиннің бағасы көтерілсе, бізде де өсетін болады.

mynbayev

 

Сурет: energonews.kz 

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

“ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, Ресейде бензиннің бағасы көтерілсе, бізде де өсетін болады.

“Егер Ресей нарығындағы тенденция жайында айтатын болсақ, онда ол жақта акциздік алым көтерілген болатын. Ресейде акциздік алымның өсуі бөлшек сауда бағасының көтерілуіне алып келетіні түсінікті және ол бөлшек сауда бағасының деңгейіне әсер етуі мүмкін — кейбір көтерілулер Қазақстанға да”, — деді Мыңбаев брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін Қазақстан мен Ресейдің шекарасы ашық. Ал ЖЖМ-ның бөлшек бағасының деңгейі іс жүзінде бүрдей.

“Мен жанама, қосымша әсерлер болуы мүмкін дегім келеді. Сонымен қатар, айтарлықтай ықпалды күтіп отырған жоқпыз. Қайталап айтамын, мен неге ресейлік нарықтағы бағаның деңгейін еске салып отырмын. Қалай дегенмен, ол нарық Қазақстан нарығынан он есе үлкен. Ашық шекара жағдайында баға деңгейінің әсер етпей қоймайтыны түсінікті”, — деді Мыңбаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    не биз ресейге карап осемизба оз алдымизга жеке мемлекет емеспизба алде

  • Жан says:

    Экпортка баска бага койда, казак елине озимиздин мунайга шыгарылган бензинли томен багамен бер! Болды не соган бастарынды катырасындар. Лукашенко айткандай “цену на бензин может и дурак поднять…” олай болса не ушин отырсындар, халыктын камын ойлау керек, нарыкты емес!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар