Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мың теңгелік қағаз ақшаларды наурыз айына дейін жұмсап үлгеріңіз

2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады, деп хабарлайды Ұлттық банк.

1649311

Фото: ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ

“Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады. Одан кейін 12 ай ішінде – 2017 жылғы 1 наурыз – 2018 жылғы 28 ақпан аралығында қоса алғанда бұл банкноттар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталады”, — деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ұлттық Банктің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар 2021 жылғы 28 ақпанға дейін комиссиясыз қабылданады.

Бұл ретте Ұлттық Банктың ақпаратына сәйкес, заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноттар айналымда болады.

1649324

Фото: ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ

“Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айналыстағы банкноттарды қабылдаудан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады”, — деп хабарлады Ұлттық банк.

Сұрақтар туындаған жағдайда Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2704 585 телефоны бойынша және Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 2704- 569 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Талқылау